Алматылықтар алма күнін атап өтті

397

Ұйымдастырушылар көпшілікке алмадан жасалған түрлі дәм ұсынды.

Алматылықтар алма күнін атап өтті Фото: Almaty.tv

Дүниежүзілік аспаз күні мен халықаралық алма күнін бүгін шипажай жұрты атап өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қос мерекені ұштастырған ұйымдастырушылар келген көпшілікке алмадан жасалған түрлі дәм ұсынып, дастархан жайды. Іс-шараға эстрада жұлдыздары да қатысып, мерекелік жиынның көркін қыздырды, деп мәлімдеді Almaty.tv.

– Ұзындығы 100 метрдей штрудель әзірледік.  Алма күні болғандықтан, түрлі тағам жасадық, – деді бас аспаз Алмас Осипов.

Аспаздардың алуан түрлі қиялынан туған тағамдардан бөлек, демалушыларға шығармашылық бұйым ұсынылды. Ұлттық нақыштағы киім мен киізден жасалған әртүрлі туындыны тамашалаған жұрт іс-шараның дістүрге айналғанын қалайды.

– Алматының алмаларынан жасалған мәзір демалушыларға, қарапайым қонақтарға ұсынайын деп жатырмыз. Болашақта мәдени іс-шараларды жалғастырамыз, – деді сауықтыру кешенінің президенті Яков Стерликов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу