Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз

705

Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы 601 көшеге жарық тартылады.

Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қарыздың көп бөлігі ыстық су мен жылу бойынша жиналған. Бүгінгі күні тұрғындар ыстық су, жылу және электр энергиясы үшін шамамен 1,5 млрд теңге қарыз", - деді Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы. 

Сонымен қатар Айдар Беркімбаев биыл Алматының 17 шағынауданында 170 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерін салынатынын атап өтті. Сонымен қатар шаһардың 600 көшесіне жарық тарту қарастырылған. 

"Биыл Алматыда көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмысы жалғасады. Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы 601 көшеге жарық тартылады",- деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу