Алматылықтар коммуналдық қызметке 4,5 млрд теңге қарыз

463

Пандемия кезінде берешек сомасы екі есе өскен. 

Алматылықтар коммуналдық қызметке 4,5 млрд теңге қарыз Фото: Мария Матвиенко

Бұл туралы Алматының жылу беру маусымына дайындығы туралы онлайн-брифинг барысында Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев мәлімдеді. 

"1 қыркүйектегі жағдай бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың коммуналдық қызметке қарызы 4,5 млрд теңгеге жетті. Пандемия мен төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарының қарызы екі есе өсті. Өткен жылы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың жалпы қарызы 2 млрд теңге болатын. Оның көп бөлігі, яғни, 2 млрд 865 млн теңге – жылыту мен ыстық су үшін берешек", – деді басқарма басшысы. 

Ал суық су мен кәріз үшін коммуналдық қарыз 665 млн теңге, электр қуатының қарызы 672 млн теңгені құрады. 

"Қала тұрғындарына үлкен өтініш, коммуналдық төлемдерді төлесеңіздер. Себебі жылыту маусымындағы шаһардың энергокешенінің жұмысы осыған байланысты. Мемлекет басшысы мен әкімнің тапсырмасы бойынша ТЖ кезінде жеке тұлғалардың қарызын кейінге шегердік. Енді келісім бойынша бұл сома жыл соңына дейін төленуі керек", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу