Алматылықтар короновирусты анықтау үшін тегін тест тапсыра алады

1075

Індетті ерте кезеңде анықтау жобасы басталды.  

Алматылықтар короновирусты анықтау үшін тегін тест тапсыра алады

"Халық" қоры мен Алматы әкімдігі COVID-19 індетін ерте кезеңде анықтау үшін халықты тегін тексерістен өткізбек.  Жоба аясында Мобильді тестілеу орталықтарында көпшіліктен сынама алынып, кейін Полимеразды тізбектік реакция – диагностикасына (коронавирустық инфекцияны анықтаудың ең сенімді тәсілі) жіберіледі. 

Алғаш рет сынама медициналық мекеме қабырғасынан тыс жерде алынады. Кейін оларға жаңадан ашылған "Medical Partners Korea Qazaqstan" зертханасы аясында талдау жасалынады. Инфекцияның бар-жоқтығын анықтау шаралары күнделікті жүргізіледі. Тегін диагностикадан орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, індеттің таралауын тоқтау шараларына қатысып жүргендер, кәсіпорын, банк қызметкерлері, саудагерлер, қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс жасайтындар, медициналық мекемелер мен дәріханаларда жұмыс істейтіндер, коммуналдық шаруашылық өкілдері және тағы басқалары өте алады.

"Тестілеуден өтетіндер көліктен шықпайды. Зертхана өкілдерімен байланысқа түспей, терезеден сынама тапсырады. Тестілеудің бұл тәсілі Оңтүстік Корея мен Қытайда сынақтан өтіп, коронавирустық инфекцияны ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік берді. Бұл науқастар санының төмендеуіне көмектесті", – деп жазылған хабарламада.

Көмекті "Халық" қайырымдылық қоры "Медикер Ассистанс" медициналық компаниясының, INVIVO зертханалар желісі және Medical Partners Korea Qazaqstan клиникаларының қатысуымен жүзеге асырған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу