Алматылықтар өз сайлау учаскелерін оңай анықтай алады

634

Алматыда тегін Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы сайлаушылар сайлау учаскелерінің мекен-жайлары мен нөмірлерін тексере алады. 

Алматылықтар өз сайлау учаскелерін оңай анықтай алады Фото: vechastana.kz

"1315" нөмірі бойынша кез келген адам өзі дауыс беретін сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін анықтай алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call-орталық демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Сондай-ақ Әкімдіктің Open Almaty Қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының Мемлекеттік қызметтер порталында жарияланған тізімнен әр сайлаушы өзінің аты-жөнін тексеруіне мүмкіндік беретін қызмет іске қосылған.

"Мұндай қызметті Telegram Bot @almaty_sailau2022_bot арқылы алуға болады", – деп толықтырды ведомства.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу