Алматы тұрғындары Наурыз мейрамын тойлау кезіңде 3 сағатта жарты тонна бауырсақ жеді, деп хабарлайды "PR Media" агенттігі.
Бауырсақты 7 аспаз дайындады. Олар 500 келіге жуық бауырсақ дайындап, 2 мың адамға таратты.
"Бауырсақ дайындауға 300 литр сүт, 186 литр май және 400 келі ұн жұмсалған. Осы акция рекордқа жетуі мүмкін еді. Бірақ біздің Гиннестің рекордтар кітабына ену мақсатымыз болмады. Қала тұрғындарын қуантып, жақсы көңіл-күй сыйлауды мақсат еттік. Келесі жылы рекордты жаңартармыз", – дейді қышқыл сүт өнімдерін өндіретін компанияның бренд-менеджері Виктория Янчик.
Қазақстанның әр өңірінде бауырсақты әркім өз мәзірімен және түрліше жасайды: үшбұрышты, төртбұрышты, сопақша және домалақ. Алматылықтарға кллассикалық мерекелік нұсқасы ұсынылды, ұнды сүтке, майға, қантқа және жұмыртқаға араластырады. Дайын қамырды майға пісіреді. Қонақтар да бауырсақ пісіруге атсалысты. Сонымен қатар қатысушылар өз рецептерімен бөлісті.