Алматылықтардың 23%-ында коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасты

805

Шаһарда науқастар саны азайып келеді. 

Алматылықтардың 23%-ында коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасты

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Маусым айы басталғалы Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есе төмендеді. Соңғы тәулікте 112 сырқаттанған науқас тіркелді. Алматыда наурыз айында – 9,5 мың жағдай, сәуірде 20 мыңға дейін жеткен. Қазір сырқаттану деңгейі төмендеді. Бұл қалада коронавирусқа қарсы жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесі, оның ішінде халықты жаппай вакциналау бар. Алматыда қазір 23%-дық иммунды қабат қалыптасты. Халықтың 18%-ы вакцина алса, 5%-ы ауырып жазылғандар", – деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, мегаполистің мемлекеттік бас санитар дәрігері  соңғы 7 күнде сырқаттану көрсеткіші 64,7-ден 39,8-ге дейін азайғанын жеткізді. 

"Мұндағы репродуктивті сан 0,79 деңгейінде тұрақтанды. Бұл "жасыл аймақ" көрсеткішіне сай", деді спикер. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу