Алматылықтардың бастамаларына 8,7 млрд теңге жұмсалмақ

567

Қомақты сома "Халықтың бюджетке қатысуы" аясындағы 237 жобаға бөлінбек.  

Алматылықтардың бастамаларына 8,7 млрд теңге жұмсалмақ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz

"Алматылықтардың "Халықтың бюджетке қатысуы" бағдарламасына қатысуға тағы да мүмкіндігі бар. Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Алматыда "Халықтың бюджетке қатысуы" аясында  жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды, оларды іске асыру 2023 жылға жоспарланып отыр", – деді  Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева.

Оның айтуынша, биыл 237 жобаға қолдау көрсетілмек. 

"Оларға 8,7 млрд теңге жұмсалмақ", – деді спикер. 

Айта кететіні, "Халықтың бюджетке қатысуы" жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оған қала тұрғындары ұсынысы негізіндегі бастамалар негіз болады. 2019 жылы оған 333, 2020 жылы 795 өтініш түскен. Бір жобаға жұмсалатын қаражат 61,2 млн теңгеден аспауы керек. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу