Алматылықтардың мегаполиске келіп үлгеруіне 72 сағат берілді

943

Шаhар басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов қалаға келуге және қаладан шығуға тыйым салынатынын айтты.  

 Алматылықтардың мегаполиске келіп үлгеруіне 72 сағат берілді

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов қаладағы карантин режимі бойынша мегаполисе келуге және кетуге тыйым салынатынын хабарлады. Сондықтан белгілі бір себептермен қала сыртында жүрген алматылықтарға қайту үшін 72 сағат берілетінін мәлімдеді.

"Тұрғындардың тыныштығын сақтап, мүмкіндігінше үйден шықпауын сұраймыз. Карантин жөніндегі санитарлық-гигиеналық дезинфекциялық өңдеу жөніндегі шараларды жүзеге асыруда және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеңіздер. Әуе желілері мен темір жол қатынастарына келер болсақ, қала мен елден тыс жерлерде жүрген барлық алматылықтарға 72 сағаттың ішінде қалаға кіруге рұқсат беріледі. Бұл ереже біздің Алматының тұрғындары мен осы қаладан кеткісі келетін шетел азаматтарына да қатысты. Себебі қалаға келуге және қаладан шығуға тыйым салынды. Бұл – қалада жұмыс істейтін бірақ қала сыртында тұратын тұрғындарға да қатысты. Қазір жұмыс берушілер өз қызметкерлерін ақылы демалысқа және қашықтан жұмыс істеу режиміне жібере бастайды".

Сонымен қатар Ерлан Қожағапанов  құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық көлік, коммуналдық қызмет жүргізушілері қала аумағына уақытша орналастырылатын айтты.

"Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мамандар, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық көлік, коммуналдық қызмет жүргізушілері қала аумағына уақытша орналастырылады. Осыған орай, кәсіпорындарға қазірден бастап штаттық құрамды уақытша оңтайландыруды және барлық мәселелерді заңдылық негізінде ретке келтіруді ұсынамыз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу