Алматылықтарға уақытша тауға шықпау ұсынылды

477

3 маусымда Алматыда найзағай, жаңбыр және солтүстік-батыстан соққан желдің күшеюі күтіледі.  

Алматылықтарға уақытша тауға шықпау ұсынылды

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындары мен қонақтарын ауа райының нашарлауы туралы ескертіп, тауға бармауға кеңес береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін желдің екпіні 18 м/с жетуі мүмкін. Бостандық және Медеу аудандарының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, сондай-ақ желдің 15-20 м/с дейін күшеюіне болжам жасалған.

"Ауа райының нашарлауына байланысты азаматтарға нашар бекітілген құрылымдардың, жарнамалық қалқандардың, құрылыс қоршауларының, ағаштардың және қатты жел кезінде қауіп төндіруі мүмкін басқа да нысандардың жанында тұрмауға кеңес береміз. Дауылды ескерту кезеңінде таулы аймақтарға барудан бас тартыңыздар", – делінген ТЖД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу