2026 жылы қалада жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік грантты иеленуге мүмкіндік бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қала әкімдігінің мәліметінше, негізінен тұрақты табыс пен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге басымдық берілмек.
Сонымен қатар жаңадан бастаған кәсіпкерлерді оқыту және қолдау жалғасуда. Ал жұмыссыз азаматтар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби оқыту қолжетімді.
Халықтың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған "Бастау Бизнес" жобасы жалғасады. Жыл басынан бері кәсіпкерлік негіздеріне 16,9 мың адам оқытылып, оның 7,3 мыңы оқуын аяқтап, сертификат алған.
Тағы бір бағыттың бірі – субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру. Мұндай жұмыс орындарына 50,6 мың адам жолданды.
Жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес кадр даярлау мақсатында 2 119 адам кәсіптік оқуға жіберілді. Бұл шара өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіпорындарды қажетті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет ұсынған грантты кәсіп бастағысы келетін кез келген азамат ала алады.