Алматыда қалалық спорт басқармасының қолдауымен "Спорт-достық алаңы" бағдарламасы аясында тұрғындарға арналған тегін жүгіру жаттығуы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жобаны ірі қалалық жарыстарға дайындық аясында "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр.
Жаттығулар аптасына 2 рет Орталық стадион аумағында өткізіледі. Сәрсенбі күндері қатысушылар сағат 19:30-да стадионның жүгіру жолында жаттықса, сенбі сайын таңғы 10:00-де стадион айналасында жиналады.
Бағдарлама жүгіруді енді бастағандар мен ұзақ үзілістен кейін спортқа қайта оралғандарға арналған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу