Алматылықтарға жылу үшін төлеген ақшалары қайтарылады

633

Тұтынушыларына 49,4 млн теңгеден астам қаржы қайтарылады, деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.   

Алматылықтарға жылу үшін төлеген ақшалары қайтарылады

Басқарма өткен 2020-2021 жылыту маусымының қорытындысы бойынша "Алматы жылу желілері" ЖШС-не сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, тұтынушыларға жылумен жабдықтау құнын 49,4 млн теңгеге қайта есептеу туралы хат жолдады.  

Алайда Алматы қаласын жылумен қамту қызметін көрсететін "Алматы жылу желілері" бұл шешімімен келіспеді. Осыған байланысты департамент "Алматы жылу желілерін" тұтынушыларға 49,4 млн теңгені қайта есептеу міндеттемесін орындауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап-арыз түсірді. Сот шешімімен департамент талабы толық көлемде қанағаттандырылды. 

Осылайша, "Алматы жылу желілері" ЖШС күзгі-қысқы кезеңдегі температуралық режимді сақтамағаны үшін төлем жасау кезінде тарифті төмендету арқылы тұтынушыларға жылумен жабдықтау құнын 49,4 млн теңгеге қайта есептеу туралы шешімді орындауы қажет. 

"Алматы жылу желілері" ЖШС-не 2022 жылдың мамыр айында тұтынушылардың түбіртектерін көрсете отырып, 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін қайта есептеу қажеттілігі туралы хат жолданды", – деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу