Алматының 15 жерін су басу қаупі туындады

1268

Бұл учаскелерде құтқарушылар жұмыс істеді.      

Алматының 15 жерін су басу қаупі туындады

Алматының 15 аумағында су басу қаупі туындап, құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлады inbusiness.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"18 наурызда таңертең "112" желісіне су басу бойынша 15 қоңырау келіп түскен. Барлық аумақта аудандық әкімдіктердің құрылымдары мен ТЖД бөлімдері жұмыс істеуде", – деді ТЖД.

Су басуға негізгі себеп: арықтар мен құбырларды тұрмыстық қалдық толып алған. Алатау ауданында – 4, Жетісу ауданында – 5, Алмалы ауданында – 2, қалған аудандарда бір жағдайдан тіркелген.

Құтқарушылардың хабарлауынша наурыз айының басынан бері Алматыға 87 мм жауын түскен. Қалыпты норма 76 мм болғандықтан, жауын көлемі нормадан жоғары.

Ал қауіпті болуы мүмкін тау көлдерінде қазір қар мен мұз құрсауында жатқандықтан еш қауіп жоқ. Алайда тиісті органдар қарды түсіру, бақылау жұмыстарын жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу