Алматының айналма жолы қандай болады?

944

Үлкен Алматы айналма жолы 2023 жылы қолданысқа беріледі. 

Алматының айналма жолы қандай болады?

Тас жолы Алматының батысынан шығысына қарай созылады. Айналма жолдың құрылысы бірнеше рет шегеріліп, аяқталу мерзімі бірнеше рет жылжыды. 2018 жылы инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2021 жылы қолданысқа беріледі деген еді. Бірақ оны салған Alsim Alarko – McOil – СК – Korean Expressway консорциумының ісі жүрмей, жол мамандарымен жасалған келісімшартқа өзгеріс енгізілді. Құжатта 2024 жылы қолданысқа берілетіні жазылған, ал енді құрылысшылар 2023 жылы ашылады деп сендіріп отыр. 

Жоспар бойынша 66 шақырымның 57-сі 6 жолақты, қалған 7 шақырымы 4 жолақты болады. Инвесторлар жеті жолайрық салады, тағы үшеуін Алматы облысының әкімдігі Саин, Мөңке би және Тілендиевпен қиылысатын тұстарға салады. 

Айта кеткен жөн, Абай, Рысқұлов және Солтүстік айналма жолы Үлкен айналма жолмен бірікпейді. 

Жобаның жалпы құны – 180 млрд теңге. Мемлекет үлесі – 80 %. Үлкен айналма жолы ақылы болады. Одан өту құны жеңіл көліктер үшін 200 теңге, жүк көліктері үшін – 390 теңге. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу