banner

Алматының ақша айырбастау орындарында доллар 487 теңгеден сатылуда

618

Биржада доллар бағамы қымбаттады.

Алматының ақша айырбастау орындарында доллар 487 теңгеден сатылуда

18 шілде Қазақстан қор биржасында күндізгі сауда 1 доллар 482 теңге көрсеткішімен ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Соңғы мәмілелер бір доллар үшін 484,25 теңге бағамымен жасалды. 

Kurs.kz хабарлауынша, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 483 теңге, сату – 487 теңге.  

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 480 теңгеден сатып алынып, 483 теңгеден сатылуда.

Сыртқы факторларды тұрақты деп атауға болады. Себебі мұнай бағасы барреліне 103,5 долларға дейін қымбаттады, рубль 57,1-ге дейін нығайды, доллар индексі 107,5 тармаққа түсті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу