Алматының Алмалы ауданында инвестициялар 52,8%-ға өсті

Ал салық түсімдері 41%-ға өсіп, 258 млрд теңгені құрады.

Алматының Алмалы ауданында инвестициялар 52,8%-ға өсті Фото: 7kun.kz

2023 жылдың басынан бастап Алматының Алмалы ауданында экономикалық көрсеткіштердің жақсы өсу серпіні байқалады. Ол туралы қала әкімі Ерболат  Досаев халықпен кездесуде айтты.

"2023 жылдың I тоқсанында инвестициялар 52,8%-ға өсті. 25,5 млрд теңгенің инвестициялары тартылды, ал өнеркәсіптік өндіріс көлемі шамамен 49 млрд теңге болды" - деді қала басшысы.

Бұл ретте салық түсімдері 41%-ға өсіп, 258 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу