Алматының ауасын экодатчиктер бақылайды

308

Sergek мамандары ауа сапасын бақылайтын жаңа буын датчиктерін жасап шығарды.  

Алматының ауасын экодатчиктер бақылайды Фото: Sergek Group компаниясы

Көпкомпонентті SE-1 азот диоксиді, көміртек оксиді, күкірт диоксиді және жерге жақын озонның концентрациясын тіркейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл заттардың барлығын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зиянды заттар тізіміне кіргізген. SE-1 құрылғысын компания инженерлері шұғыл континенттік климат жағдайлары мен Қазақстан қалаларының ерекшеліктерін ескере отырып әзірлеген.

“SE-1 құрылғысын әзірлеу Sergek-тің қалалық цифрлық инфрақұрылым саласындағы құзыреттілігін арттырудағы қадамы. Экология бағытындағы пилоттық жобалардан бастап, бүгінде толыққанды аппараттық-бағдарламалық шешім жасау деңгейіне жеттік. Бұған көбіне үздік мамандар жұмыс істейтін жеке инженерлік зертханамыздың болуы үлкен септігін тигізді”, – дейді компания өкілдері.

Мамырда Алматыда SE-1 базасындағы 30 жаңа станция іске қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу