Алматының балалар лагерлеріндегі қызмет сапасы тексерілді

Алматыда каникул кезінде оқушылар демалу үшін келген қала маңындағы лагерьлерде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша баспасөз туры өтті. 

Алматының балалар лагерлеріндегі қызмет сапасы тексерілді Фото: vyborok.com

Оған ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова, Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, ата-аналар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Мониторинг барысында қатысушылар Jellyfish (Қонаев қ.) және "Өрнек" қала сыртындағы лагерьлердің бағдарламасымен танысты.

Ең әуелі олар 1700-ден астам оқушыға қызмет көрсетуді жоспарлап отырған Қонаевтағы лагерьге ат басын тіреді. Бұдан кейін баспасөз турына қатысушылар Алматы қаласы Оқушылар сарайының "Өрнек" қала сыртындағы лагеріне аялдады. Мұнда маусым айында "Жас ұлан" республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы қалалық филиалының үздік өкілдері слетіне екі ауысымы өтіп, қаладағы 8 ауданнан 160 адам қатысты. 20-30 маусым аралығында лагерьде "Жанұя" әлеуметтік кешенінен 80 бала демалды. 4-13 шілде аралығында ғылыми-техникалық бағыттың бейінді ауысымында лагерьде әлеуметтік санатқа жататын отбасылардан шыққан оқушылар сарайының 92 оқушысы, сонымен қатар, түрлі байқаулардың, жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары демалды. 18-27 шілде аралығында келесі ауысым өтеді. Оқушылар сарайының білім алушылары үшін тамыз айында тағы екі ауысым ұйымдастыру көзделген.

Насымжан Оспанова балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды реттеу мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер туралы айтты. Атап айтқанда, осы қызмет түрі бойынша бизнеске мораторийдің күшін жою, аталған салада жаңа кәсіпкерлік субъектілерін ашудың хабарламалық тәртібін баяндады.

Қалалық білім басқармасының басшысы Ләззт Жылқыбаеваның айтуынша, қазір қалада 214 мемлекеттік мектеп бар, оларда 300 мыңнан астам бала оқиды. Жыл сайын Алматы қаласының әкімдігі көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 3000 баланың сауықтыру демалысына қосымша қаражат бөледі, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 баланы және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қала сыртындағы лагерьлерге демалуға жіберу жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда демалыс кезінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 3000-ға жуық баланы, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 баланы және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қала сыртындағы лагерьлерге демалуға жіберу жоспарланған.

Бұған дейін "Бел Ричи" ЖШС ("Арман дала"), "Айсұлу және Т" ЖШС ("Тау самалы") лагерьлерінің базасындағы жағдайдың тиісті талапқа сай келмеуіне байланысты Алматы қаласы білім басқармасы қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарлама жолдаған болатын. Білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу