Мұндай шешім көлік легіне жүргізілген талдау мен аудан тұрғындарының өтініші негізінде қабылданып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алмалы ауданында жол қозғалысының жаңа схемасы пилоттық режимде іске қосылды. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.
Жаңа схемаға сәйкес:
- Прокофьев көшесінде Абай даңғылынан Кіші Абай көшесіне дейінгі аралықта – солтүстік бағытта;
- Кіші Абай көшесінде Прокофьев көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі аралықта – шығыс бағытта;
- Түркебаев көшесінде Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта – солтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылады.
Бұл өзгерістер көшеде көліктің көптеп жүру қабілетін арттыруға, көлік жүктемесін азайтуға және жолдағы қауіпті жағдайдың алдын алуға бағытталған.
Мамандардың айтуынша, жаңа схема көлік қозғалысын реттеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылады. Оның тиімділігіне жүргізілетін мониторинг қорытындысы бойынша жол қозғалысын одан әрі ұйымдастыруға қатысты қосымша шешімдер қабылданады.