29 тамыздан 30 тамызға қараған түні сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Бостандық ауданының бір бөлігінде жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты су беру уақытша тоқтатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Су беру келесі аумақтағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарда тоқтатылады:
- Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Байзақов көшесі – Ботаникалық бақ – Ерғожин көшесі.
Жұмыс аяқталғаннан кейін су сапасы уақытша өзгеруі мүмкін. Құбыр желілері толық шайылғанға дейін кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды, сондай-ақ басқа да сантехникалық құрылғыларды пайдаланбаған жөн.
"Алматы Су" уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды және тұрғындардан алдын ала қажетті мөлшерде су қорын дайындап қоюды өтінеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу