Алматының бұрынғы әкімі "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамына енді

232

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.  

Алматының бұрынғы әкімі "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамына енді Фото: akorda.kz

Алматы қаласының бұрынғы әкімі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", – делінген "Самұрық-Қазына" АҚ таратқан ақпаратта.

Бүгінде "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар. Оның 4-уі – тәуелсіз директор.

Айта кету керек, бұған дейін Ерболат Досаевтың жаңа қызметке тағайындалғанын жазғанбыз. 

Ерболат Асқарбекұлы осы жылдың мамыр айында Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу