Алматының екі мың жас тұрғыны баспанамен қамтылады

921

Жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Алматының екі мың жас тұрғыны баспанамен қамтылады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жас қала тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Бүгінде жеке тұрғын үй сатып алуға жеткілікті қаржысы жоқ 29 жасқа дейінгі жастарда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша қолжетімді бағамен жалға берілетін пәтерлерді алу мүмкіндігі бар. Ол бойынша ең төменгі жалдау ақысы 10 мың теңгеден басталатын 5 жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру көзделген", – деп атап өтті әкім. 

2021 жылғы 15-20 қараша аралығында осы бағдарлама аясында almaty-jastary.info сайтында өтінімдерді онлайн қабылдау жүргізілді.

Наурызбай ауданының "Алма сити-5" ТК және Алатау ауданының "Мәдениет" ТК-де 1 050 пәтер беріледі. Байқау қорытындысы аталған сайтта 2021 жылдың 16 желтоқсанында жарияланады.

Жыл басынан бері 910 отбасы баспаналы болды.

Сонымен қатар өткен жылдан бастап "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы бойынша жылына мыңдаған жеңілдетілген несиелер беріліп келеді.

"Жалпы өсіп келе жатқан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Кезекте тұрғандар үшін бюджет есебінен 3,2 мың пәтер тапсырылады. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша "Шаңырақ" пилоттық жобасы іске қосылды, бұл биыл 800-ден астам алматылықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", – деп қосты мегаполис басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу