Алматының ел бюджетіне қосқан үлесі 2 есеге жуық өсті

Алматы Қазақстан бюджеті үшін басты донор болып қала береді. 

Алматының ел бюджетіне қосқан үлесі 2 есеге жуық өсті Фото: biletik.aero

2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша республикалық қазынаға түсімдер 2,14 трлн теңгені құрады, ал өсім – 46%. Қала бюджетіне де салым ұлғайтылды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

"Қаланың жергілікті бюджетіне түсетін қаржы 29% - ға асыра орындалды және 843 млрд теңгені құрады", - деп атап өтті қала басшысы.

Алматы - ел экономикасына қосқан үлесі бойынша көп жылдан бері көшбасшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу