Алматының индустриялық аймағы 189 гектарға кеңейеді

Онда өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT секторын және шығармашылық индустрияны дамыту көзделген.  

Алматының индустриялық аймағы 189 гектарға кеңейеді Фото: almatydc.kz

Келесі жылы экономиканың бұл бағыттары қала әкімшілігінің басым бағытына айналады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Алматы қаласының индустриялық аймағының екінші кезегін дамыту аясында аумақты 189 гектарға кеңейту жоспарлануда. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы қолдады. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылымның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.  Көктемгі нақтылау кезінде жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 2023-2024 жылдарға 40 млрд теңге көлемінде бюджеттік өтінім беру жоспарлануда", - деп хабарлады шаһар әкімдігі.

Қалада шағын және орта кәсіпкерлерге арналған индустриалды парктерді дамыту қолға алынбақ. Бүгінгі таңда 8 индустриалды парк салынды, оларға тартылған инвестиция көлемі 2,2 млрд теңге.

Тағы 11 индустриалды парктің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 2023 жылы 3,5 млрд теңгеге 7 индустриалды паркті іске қосу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу