Алматының "Қайраты" араға 16 жыл салып ел чемпионы атанды

671

Соңғы рет алматылықтар 2004 жылы жеңіске жеткен болатын.   

Алматының "Қайраты" араға 16 жыл салып ел чемпионы атанды

Алматының "Қайраты" шымкенттік "Ордабасыны" жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанды, деп жазады Olympic.kz. 

17-ші турдағы кездесуде алматылықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. "Қайрат" сапынан Вагнер Лав (36 минут) пен Нұралы Әліп (39 минут, пенальти) көзге түссе, ойынның 80-і минутында Ұлар Жақсыбаев өз қақпасына гол соғып алды. 

"Ордабасы" сапынан жалғыз голды Жуан Пауло да Силва соққан. 

Осылайша 44 ұпай жинаған "Қайрат" ел чемпонатында мерзімінен бұрын топ жарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу