Алматының кейбір көшелері жабылады

535

13 қарашада "City Run 2022" қалалық жарыс өтеді.  

Алматының кейбір көшелері жабылады Фото: Informburo.kz

13 қарашада Алматының кей көшелері жабылады деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жексенбі, 13 қараша күні "City Run 2022" қалалық жарысы өтеді. Бұл күні сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін жарыс өтетін жерлердегі жолдағы қозғалыс ішінара жабылады.

Жарыс "Астана" алаңынан басталады. Спорт әуесқойларына 2 қашықтық ұсынылған – 10 және 5 шақырым скандинавиялық жүріс.

10 шақырым қашықтықтарында жас санаттарындағы жеңімпаздар медальмен, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Мәреге жеткен барлық қатысушыларға естелік медаль беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу