Алматының кішкентай тұрғынына елбасының атынан мерекелік сый табысталды

815

Алматының кішкентай тұрғынына елбасының атынан мерекелік сый табысталды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы қаласының тұрғыны Майсарова Мединаға елбасының атынан мерекелік сый табысталды, деп хабарлайды almaty.tv.

1 ай бұрын 5-ші сынып оқушысы президентке хат жазып, күшік сұраған екен. Мемлекет басшысы бүлдіршіннің  арманын аяқсыз қалдырмады. Елбасының атынан асыл тұқымды күшікті жаңа жыл қарсаңында Мединаға Медеу ауданының әкімдігі табыс етті.

"1 ай бұрын мен президентке хат жаздым. Өзімнің күшігім болса екен деп бұрыннан армандайтынмын. Ал анам үнемі қарсы болатын. Маған сүп-сүйкімді күшікті сыйлаған кезде, қуанышымда шек болмады. Бастапқыда таң қалдым, осындай да болады екен деп. Армандар орындалады екен", - дейді Медина Майсарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу