Алматының көгалдандыру жоспарын әзірлеуге 49 млн теңге жұмсалмақ

2035

Тапсырысқа сәйкес, мердігер жасыл қорды дамыту стратегиясы мен 2030 жылға дейінгі жоспарды әзірлеуге тиіс.

Алматының көгалдандыру жоспарын әзірлеуге 49 млн теңге жұмсалмақ

Алматы әкімдігі алдағы 10 жылға арналған шаһарды көгалдандыру стратегиясын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Atameken Business.

Қалалық жасыл экономика басқармасының тиісті хабарламасы Мемлекеттік сатып алу сайтында орналасқан. Мұнда стратегия, тұжырымдама, бизнес-жоспарлар мен баяндамалар мәселелері бойынша кеңес беру қызметтері үшін 49 миллион теңге ұсынылады. Тапсырысқа сәйкес, мердігер жасыл қорды дамыту стратегиясы мен 2030 жылға дейінгі жоспарды әзірлеуге тиіс.

Сонымен қатар, қаланың барлық сегіз ауданын тоқсан сайын зерттеп, өсетін өсімдіктердің саны мен түрлерін көрсетуі шарт. Оған қоса алдағы 2 жылда миллионға жуық көшет отырғызылуы керек. Жоспарға сай, жұмысқа бөлінген қаржы 3 кезеңмен жұмсалмақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу