Алматының Медеу ауданында көшкін қаупі бар 18 жерді қорғау жұмыстары аяқталды

285

Көшкін қаупі бар 48 жер бар.  

Алматының Медеу ауданында көшкін қаупі бар 18 жерді қорғау жұмыстары аяқталды Фото: Almaty_akimdigi facebook

Алматының Медеу ауданында тау бөктеріндегі көшкіннің алдын алу және одан болатын оқыс жағдайларды азайту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте аудан әкімі Еркебұлан Оразалин аудан аумағында көшкін қаупі бар 48 жер анықталғанын айтты. Олардың әрқайсысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және сараптамалық ұйымдармен бірлесіп қажетті жұмыстар пысықталған.

Аудан әкімдігі тарапынан 12 жерде жұмыс басталған, оның төртеуінде жұмыс әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар сегіз учаскеде меншік иелері сараптамалық ұйымдардың қорытындысына сәйкес тиісті жұмыстарды қолға алған.

Аумақтың ерекшелігіне қарай беткейлер мен тіректерді нығайту, топырақты тұрақтандыру және басқа да инженерлік шешімдер қарастырылған.

Жалпы 18 учаскеде көшкінге қарсы кешенді іс-шаралар толық аяқталды. Ал 30 учаске бақылауда тұр, ондағы жұмыстар әлі аяқталған жоқ.

2024 жылдан бастап ықтимал қауіпті жерлердің саны 87-ге дейін жеткен. Негізгі міндет – төтенше жағдайдың алдын алып, қауіпті учаскелерде қажетті жұмыстарды алдын ала жүргізу. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу