Алматының Наурызбай ауданында 56 қосалқы станса модернизациялануда

Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Құрамыс, Рахат, Қарағайлы және Қалқаман шағын аудандарында электр желілері жаңғыртылады.  

Алматының Наурызбай ауданында 56 қосалқы станса модернизациялануда Фото: Forbes.kz

Алматының Наурызбай ауданында 56 трансформаторлық қосалқы станса жаңарады.

Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуде мәлім етті. Оның айтуынша, 21 жаңа қосалқы станса орнатылып, 114,5 шақырым электр желілері мен 35 трансформаторлық қосалқы станса жаңғыртылады.

"Электр желілерін жаңғырту Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Құрамыс, Рахат, Қарағайлы және Қалқаман шағын аудандарын қамтиды. Бұл тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге және апаттық ажыратуларды азайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс мамыр айының соңында басталып, жыл соңына дейін жалғасады", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу