Алматының Наурызбай ауданында қырқүйекке қарай 2 мектеп ашылады

762

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың аудан халқымен кездесуінде айтылды.

Алматының Наурызбай ауданында қырқүйекке қарай 2 мектеп ашылады

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында ауданда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне қарай 2 400 орындық 2 мектеп ашу жоспарланған. Жыл соңына дейін 2 700 орындық тағы 2 мектептің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Шұғыла шағын ауданында 2023 жылдың 3 тоқсанына 1 200 орындық 2 мектепті тапсыру жоспарланған. Құрамыс шағын ауданында 2 800 орындық мектептер салынады.

Мектепке дейінгі орындар тапшылығы мәселесін шешу үшін ағымдағы жылы Шұғыла шағын ауданында 320 орындық балабақша құрылысы басталды. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың 2 тоқсаны. Сонымен қатар 800 орындық 3 балабақша бойынша ЖСҚ әзірлеуге құжаттама дайындалуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу