Алматының Наурызбай ауданындағы мектептегі орын тапшылығы үш есе қысқарды

Былтыр аудандағы білім ордаларында 7 мыңнан аса балаға орын жетіспейтін.  

Алматының Наурызбай ауданындағы мектептегі орын тапшылығы үш есе қысқарды Фото: Almaty.tv

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен есептік кездесуінде айтты.

Өткен жылдың басында Наурызбай ауданы Алматыда оқушы орындарының тапшылығы бойынша бірінші орында болған. Нақтырақ айтқанда кезекте 7251 оқушы тұрған. Биыл жыл басында бұл көрсеткіш 3 есеге төмендеп, 2494 орынға дейін қысқарды.

Алматыда мектеп салу стандартын өзгерту бойынша жұмыс жүргізілді.

"Былтыр біз Қалқаман мен Шұғыла шағын аудандарында 5100 орындық 4 мектеп аштық. Ауданда тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, тағы 6 жаңа мектепті жобалау және салу жұмыстары жүріп жатыр", - деді қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен есептік кездесуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу