Қазіргі уақытта Алматы қаласы Алмалы ауданы Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратта өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны және өрттің жақын орналасқан нысандарға таралу қаупі бар екені анықталды. Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді. Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақырту дәрежесі бойынша жұмыс істеуде", – делінген хабарламада.
ТЖМ күштерімен өрт толық сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің көршілес нысандарға таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу