Алматының орталығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

333

Бұған кернеуі 10 кВ болатын кабель желісін тарту жұмыстары себеп.

Алматының орталығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысын уақытша шектеу жоспарлануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кабельді ашық әдіспен төсеу жұмыстары сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін мердігер ұйым жол жабыны мен көркейту элементтерін қалпына келтіреді.

Жүргізушілерден жол жүру бағытын жоспарлау кезінде алдағы уақытша шектеуді ескеру сұралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу