Алматының шеткі аймақтарында 40 шақырым жол салынды

684

Келесі жылы шаһардың шеткі аймақтарын дамытуға 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек. 

Алматының шеткі аймақтарында 40 шақырым жол салынды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев елордада өткен брифингте қаланың шеткі аймақтарын дамытуға негізделген "Жаңа Алматы" кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы туралы сөз қозғады. 

Оның сөзінше инженерлік инфрақұрылымды дамыту аясында биыл 300 шақырымға жуық су құбырлары мен кәріз желілері тартылған. Нәтижесінде шаһар шетіндегі ықшамаудандардың 50 мың тұрғыны сумен қамтудың және суды бұрудың орталықтандырылған жүйесіне қосылды.

"2019 жылы сыртқы жарықтандыру желілерін орнатуды талап ететін жарығы жоқ көшелерді анықтау бойынша аудит жүргізілді. Нәтижесінде 2 жылдың ішінде қаланы толықтай жарықтандыру бойынша шешім қабылданды. Жыл соңына дейін қала шетіндегі 1423 көше жарықтандырылады. Бұл қаланың Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб сынды 4 ауданын 100% жарықтандыруды қамтамасыз етеді.2021 жылдың соңына дейін қалған Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы 601 көшені жарықтандыру жоспарлануда", – деді Алматы әкімі.

Жол инфрақұрылымын дамыту аясында қала маңындағы ықшамаудандарға 42,8 шақырым жол салынды. Ұзындығы 192 шақырым болатын 270 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, 86 шақырым тротуар салынып, жөнделді. 
Келер жылы шеткі аймақтарды дамыту бойынша жобалар іске асырылмақ. Яғни бұл мақсатта  жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарлануда.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу