Алматының Түрксіб ауданына әкім тағайындалды

133

Дамир Әкежанов Түрксіб ауданының әкімі болып тағайындалды.

Алматының Түрксіб ауданына әкім тағайындалды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қалалық әкімдігінің хабарлауынша, Дамир Әкежанов бұған дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы мәслихатына кандидатты таныстырған Дархан Сатыбалды оның кәсіби тәжірибесіне және қаланың тыныс-тіршілігін жақсы білетініне тоқталды.

"Дамир Әкежановтың мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі мол, қаланың өзекті түйткілдерін жақсы біледі және мен жүктеген міндеттерді орындауға қажетті кәсіби даярлығы бар", – деді қала басшысы.

Талқылау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдаған.

Дамир Әкежанов 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "халықаралық құқық", 2008 жылы "қаржы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы сыртқы экономикалық байланыстар саласында бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдарында, соның ішінде кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестиция мәселесіне жетекшілік ететін департаменттер мен басқармаларда, сондай-ақ аудан әкімдерінің аппараттарында жұмыс істеген. Басшылық қызметтер атқарып, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 16 жылдан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу