Алматының заңсыз салынған 2 қабатты ғимарат бұзылып жатыр

141

Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі (жеке тұлға) нысанды тиісті рұқсат құжатсыз салғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматының заңсыз салынған 2 қабатты ғимарат бұзылып жатыр Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасы Құрманғазы көшесі, 103 мекенжайында орналасқан нысанның бұзылып жатқанын хабарлады.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

"2024 жылы 23 қыркүйекте басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу жөнінде талап-арыз түсірді. Сот талапты қанағаттандырды. 2025 жылы 20 сәуірде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды", – делінген хабарламада.

Сот шешімін орындау мақсатында нысан иесі ғимаратты өзі бұза бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу