Алматының жаңартылған бас жоспарында экологияға айрықша мән беріледі

120

Бүгінде қалада 2,3 млн-нан астам адам тұрады, ал іргелес аймақтармен бірге бұл көрсеткіш 3,7 млн-нан асады.  

Алматының жаңартылған бас жоспарында экологияға айрықша мән беріледі Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматының бас жоспары қаланың өсу қарқынын ескере отырып, түзетіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қаланың жедел әрі стратегиялық міндеттері бар, сондықтан Бас жоспар сол өзгерістермен қатар жаңарып отыруға тиіс. Соңғы 20 жылда Алматы халқы шамамен бір миллионға өсті, автокөлік саны 2,5 есе артты, ал құрылыс тығыздығы бүкіл агломерация аумағында өсіп келеді. Осындай жағдайда Бас жоспарды түзету қаланың дамуын басқарудағы негізгі құралға айналады", – деді сәулетші Серікбай Мусин.

Маманның пікірінше, бас жоспарды түзету біртұтас даму тұжырымдамасын күшейтуге тиіс.

Негізгі басымдықтар – көлік пен экология, өйткені дәл осы бағыттар Алматының болашағын айқындайды.

Осыған дейін Bloomberg басылымы Алматыны 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне енгізгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу