Альмира Тұрсын халықаралық сұлулық конкурсына Қазақстанның атынан қатысады

493

"Томирис" фильмінен соң тез танылған Альмира Тұрсын Mrs Globe халықаралық сұлулық байқауында Қазақстанның атынан қатысады, деп хабарлайды Inbussines.kz. 

Альмира Тұрсын халықаралық сұлулық конкурсына Қазақстанның атынан қатысады Фото: NUR.KZ.

Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында Америкада өтетін байқаудың түсірілімін жариялады. Оның айтуынша, байқау сәуірде Гонконгта өтеді.

"Бұл мен үшін үлкен құрмет, қуаныш және жауапкершілік! Мен біздің қазақстандық әйелдерді жақсы көремін және таңдаймын! Өзін-өзі қамтамасыз ететін, мақсатты, табысты, күшті, сонымен бірге нәзік, аяулы, әйел-аналар...Қолдауларыңызға, қатысуларыңызға, жылы лебіздеріңізге, тілектеріңіз бен ниеттеріңізге шексіз ризамын және алғыс айтамын!", - деген ол оқырмандарынан байқауға қатысатын қазақ әйелінің қандай болуы керектігі туралы кеңес айтуын сұрады.

Айта кетелік, Режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмі Қазақстан аумағында екі жарым мың жыл бұрын болған оқиғаларды баяндайды. Фильмнің бас продюсері – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева болған. Фильм авторларының айтуынша, фильмге 10 миллион доллар кеткен. Осы фильмде басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсын халыққа тез танылды. Кейін актриса Ақан Сатаевтың режиссерлігімен түсірілген "Боксер" фильмінің сценарийін жазып, кей дерекөздерде оған 67 млн теңге қаламақы төленгені айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу