Алтай қаласында Ленин ескерткішінің құлауына байланысты тергеу басталды

385

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда ескерткіш қирап қалған болатын. 

Алтай қаласында Ленин ескерткішінің құлауына байланысты тергеу басталды Фото: bizdin_oskemen

Жағдайға байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдарын қолға алған.

"Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 203-бабы 1-бөлігіне (тарихи, мәдени ескерткіштерді, табиғат кешендерін немесе мемлекет қорғауына алынған объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл бап бойынша жаза ретінде үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу