Алтай Көлгінов мектепте балалары еш қысым сезбейтінін мәлімдеді

616

Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов өз балаларының мектепте ешқандай қысым сезінбейтінін айтады, деп хабарлайды Іnbusiness.kz.

Алтай Көлгінов мектепте балалары еш қысым сезбейтінін мәлімдеді Фото: baq.kz

Еске сала кетсек, Петропавл мектебіне балтамен кіріп кеткен баланың әрекеті бүкіл республиканы дүр сілкіндірді. Балалардың тәртібі де басты тақырыпқа айналған.

БАҚ өкілдері бүгін Үкімет кулуарында Алтай Көлгіновке балалардың тәртібі, мектептегі жағдайы туралы сұрақ қойды.

"Петропавлдағы жағдайдан кейін мектептегі балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін алаңдамайсыз ба? Олар мектепте өздерін біреулердің ренжітіп жүргенін айтып шағымданған жоқ па?", - деп сұрады БАҚ өкілі вице-премьерден.

Оның айтуынша, мектептегі қауіпсіздік мәселесі әр қазақстандықты алаңдатуы керек.

"Жоқ, мен балаларымнан ондай шағым алған жоқпын. Мен бәріміз күн сайын бала тәрбиесімен айналысып, мектептегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек деп ойлаймын", - деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, ол  қазір бірнеше министрлік пен жергілікті әкімдіктер мектептердегі қауіпсіздік деңгейіне тексеру жүргізіп бастағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу