Алтай Көлгінов тұрғындарды қалалық экоакцияға қатысуға шақырды

493

Қала басшысы Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауын тазартуды ұсынды.  

Алтай Көлгінов тұрғындарды қалалық экоакцияға қатысуға шақырды

Елорда әкімі тұрғындарды қалалық экоакцияға қатысуға шақырды. Қалалық экоакция 27 шілдеде өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"20 шілдеде #Birge #TazaQazaqstan экологиялық қозғалысы басталды. Осы сенбі күні 27 шілдеде біз экологиялық эстафетаны өткізетін боламыз. Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын айналып өтетін әуежайдан Қарағанды трассасына қарай тазартуды ұсынамыз. Барлық қала тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындарды қатысуға шақырамыз", – деп жазды Алтай Көлгінов twitter-дегі аккаунтында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу