Алтай мен Алатау танкерлері тасымалдаған мұнай көлемі 2,5 млн тоннадан асты

218

Бұл ақпаратты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы таратты.  

Алтай мен Алатау танкерлері тасымалдаған мұнай көлемі 2,5 млн тоннадан асты Фото: t.me/kmgpress

"Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС флотының флагмандары болып саналатын Aframax үлгісіндегі "Алтай" және "Алатау" мұнай құю танкерлері Қазақстан мұнайының әлем нарықтарына тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың 10 айдағы қорытындысы бойынша "Алтай" танкері 1 млн 295 мың тоннадан аса мұнай тасымалдап, өткен жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен (1 млн 184 мың тонна) асып түсті.

Ал, "Алатау" кемесі 2024 жылдағы 1 млн 222 мың тоннамен салыстырғанда өсім көрсетті – 1 млн 283 мың тоннадан астам.

"2011 жылы пайдалануға берілген сәттен бастап екі танкер 100 млн тоннадан аса мұнай тасымалдады. Осылайша, ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны – "Қазақтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз тасымалдаушысы еліміздің халықаралық нарықтарға сенімді жеткізуші ретіндегі рөлін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу