Алты айда елордада 10 адам жол апатынан мерт болған

841

Астанада жол ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік және алдын-алу іс-шаралары жүріп жатыр.

Алты айда елордада 10 адам жол апатынан мерт болған

Нұр-Сұлтанда "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 300-ден астам жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзғаны анықталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Астанада жол ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік және алдын-алу іс-шаралары жүріп жатыр

"Нәтижесінде бір күнде 300-ден астам жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзғаны анықталды. Сонымен қатар 500 жаяу жүргіншілермен профилактикалық жұмыс жүргізілді",– делінген хабарламада.  

Ал қоғамдық көліктің жүргізушілерімен 26 жол-жүру ережелерін бұзу фактісі анықталып, шара қолданылды. Қоғамдық көліктің техникалық ахуалына жауапты 8 лауазымдық тұлға әкімшілік жазаға тартылған.

Биылғы жылдың 6 ай ішінде 264 жол-көлік оқиғасы тіркелген, нәтижесінде 10 қайтыс болып, 368 адам әр түрлі деңгейде дене жарақатын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу