Алты баланың әкесі 11 жастағы қызына азғындық жасаған

1772

Қызына қорған болудың орнына қорлаған.

Алты баланың әкесі 11 жастағы қызына азғындық жасаған Фото: freepik

Заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers басшысы Ләззат Рақышеваға 11 жастағы қыздың анасы хат жолдап, әкесі кішкене қызына азғындық жасағанын айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Заңгер өзіне келген кезекті хатты бөлісті.

"Арамызда 6 бала бар. Күйеуім Алматы облысында әскери полигонда жұмыс істеді. Былтыр 3 желтоқсанда күйеуміз екеуміздің арамызда түсініспеушілік болып, ол кетіп қалды. Осы ұрыс кезінде 11 жастағы қызым әкесінің бірнеше рет тиіскенін айтты. Мен нақтылап сұраған кезде бұрын мен жоқ кезде қызымның бетін көрпемен жауып, оның жыныстық мүшесін қолымен уқалағанын, сүйгені туралы айтты. Әкесі оның бетін жауып қойып, мүшесімен жыныстық мүшесіне тиісіп, артынан дәретханаға барып жуынады екен. Мұны ешкімге айтпау керегін және қызына әке ғана осындай массаж жасайтынын айтқан екен. Күндердің бір күнінде күйеуім қызды дәретханаға кіргізіп,  көзіңді жұмып, аузыңды аш деген. Оның айтқандарын істеп, аузын ашқан кезде мүшесін тыққанын айтты. Осыны естіген сәтте балаларымды алып, ауылыма қайтып кеттім. Оқиғаның бәрі жалға алып тұрған үйде болған. Енді мен анасы сіздерге көмекке жүгініп отырмын...", – деп жазды ол.

Заңгер бүгінде әділдік орнағанын жазған. Ер адам сотталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Енді оның аппеляциялық соты өтіп, бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу