Алты қазақстандық боксшы Бакудегі турнирдің финалында жұдырықтасады

635

Финалдық бәсекелер бүгін өтеді. 

Алты қазақстандық боксшы Бакудегі турнирдің финалында жұдырықтасады

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокстан "Жібек жолы" халықаралық турнирінде алты қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

49 келідегі Шалқар Айқынбай финалда Өзбекстан өкілімен кездеседі. 

52 келідегі Олжас Байниязов пен 56 келідегі Оразбек Асылқұлов шаршы алаң иелерімен жұдырықтасады. 

64 келідегі Сабыржан Бекбегенов ресейлік боксшымен өзара кім мықтыны анықтайды. 

Ал 69 келідегі Мәулен Өскенбек пен аса ауыр салмақтағы Данила Семеновты финалда өзбекстандық боксшылар күтуде. 

49 келідегі Ермек Мәдиев пен 64 келідегі Алмазбек Әлібековтер турнирдің жартылай финалында сүрініп, қола жүлдегер атанды. 

Финалдық бәсекелер 1 сәуір күні өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу