Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады

498

Синоптиктер еліміздің алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.  

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады

9 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ертең Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғуы ықтимал.

9-10 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлеріне қалың қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

9 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз тұрады, минус 22°С дейін жетеді.

9-10 желтоқсанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 9-10 желтоқсанда Таразда тұман түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу