Алтын бағасы арзандады

346

Бағалы металдың құны бірден 230 долларға құлдырап кетті.  

Алтын бағасы арзандады Фото: arabic.com

Соңғы айда бағасы күн сайын өскен алтын құны ақырындап төмендей бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алтын бір тәулікте шамамен 230 долларға арзандады.

Астана уақытымен сағат 8:30-дағы жағдай бойынша, алтынның бір унциясы 4 113,05 доллардан саудаланды. Ол бір тәулікте 5.28%-ға арзандады.

Алтынның бағасының тым қатты қымбаттауына АҚШ пен Қытай арасындағы "сауда соғысы" әсер етті. Кейін екі алпауыттың келісімі бойынша жылымық орнап, нарықта баға өзгере бастады.

АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада Оңтүстік Кореяда Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, әділ экономикалық келісім жасаудан үмітті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу