Алтын бағасы өткен аптадағы құлдыраудан соң қайта шарықтады

1455

Алтын бағасы өткен аптадағы құлдыраудан соң қайта шарықтады

Федералдық қор жүйесі мөлшерлемені жоғарлатуы салдарынан өткен аптада күрт арзандап кеткен алтын құны қайта көтеріле бастады, деп жазады "Прайм".

Нью-Йорктың Comex биржасында алтынның ақпандағы фьючерсінің бағасы троя унциясына 4,70 долларға, немесе 0,41%-ға – 1142 долларға көтерілді. Күмістің наурыздағы фьючерсінің құны  унциясына 0,86%-ға – 16,08 долларға дейін төмендеді.

"Алтын (бағасы – ред.) өткен жұмадан бері қалыпқа келе бастады.  Нарықтың кейбір қатысушылары алтынның қазіргі алтын бағасын пайдаланып қалса да болады, бұл әсіресе алтынның техникалық тұрғыдан алып-сатылғанын ескерсек, тиімді", – деп келтіреді Commerzbank сарапшыларының пікірін The Wall Street Journal газеті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу